LLC "COPIX" ЖШҚ басып шығару жеткізушісі болып табылады.
Дербес деректерді өңдеудің осы ережелері 27.07.2006. №152-ФЗ «Дербес деректер туралы» Федералдық заңының талаптарына сәйкес құрастырылған және «КОПИСК» ЖШҚ компаниясымен (LLC “COPIX”) (бұдан әрі - Оператор) дербес деректерді өңдеу тәртібін қабылдайтын дербес деректердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын анықтайды.
1.1. Оператордың ең маңызды мақсаты және қызметін жүзеге асыру шарты - дербес деректерін өңдеген кезде адамның құқықтары мен бостандықтарын сақтау, сондай-ақ жеке өмірге, жеке және отбасылық құпияға қол сұқпаушылық құқықтарын қорғау болып табылады.
1.2. Дербес деректерді өңдеуге қатысты Оператордың осы саясаты (бұдан әрі - Саясат) Оператор copix.app мобильді қосымшасының, веб-сайтының келушілері туралы ақпаратты және Оператордың көрсетілетін кез келген қызметі туралы ала алатын барлық ақпаратқа қолданылады.
1.3. Пайдаланушы Саясатқа сәйкес Оператордың дербес деректерді өңдеуіне өз келісімін бергендігін растайды.
1.4. Оператор дербес деректерді көрсетілетін қызметтердің сапасын ұсыну және жақсарту, қызметтерді пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету және біздің коммерциялық қызметімізді жүзеге асыру үшін пайдаланады.
2.1. Дербес деректерді автоматтандырылған өңдеу - есептеу техникасының құралдары көмегімен дербес деректерді өңдеу;
2.2. Дербес деректердің ақпараттық жүйесі - дерекқорда бар дербес деректердің және оларды өңдеуді қамтамасыз ететін ақпараттық технологиялар мен техникалық құралдардың жиынтығы;
2.3. Дербес деректерді иесіздендіру — нәтижесінде қосымша ақпаратты қолданусыз дербес деректердің нақты Пайдаланушыға немесе басқа дербес деректер субъектісіне тиесілі екенін анықтау мүмкін емес әрекеттер;
2.4. . Дербес деректерді өңдеу - дербес деректерді жинау, жазу, жүйелеу, жинақтау, сақтау, анықтау (жаңарту, өзгерту), шығару, пайдалану, табыстау (тарату, ұсыну, қол жеткізу), иесіздендіру, оқшаулау, алып тастау, жоюды қоса дербес деректерді автоматтандыру құралдарын қолданып немесе ондай құралдарды қолданбай жасалатын кез келген әрекет (операция) немесе әрекеттер (операциялар) жиынтығы;
2.5. Оператор – «КОПИКС» ЖШҚ (LLC “COPIX”);
2.6. Дербес деректер – copix.app веб-сайтының, мобильді қосымшасының белгілі немесе белгіленетін пайдаланушысына тікелей немесе жанама қатысты кез келген ақпарат;
2.7. Пайдаланушы – copix.app веб-сайтына, мобильді қосымшасына кез келген келуші;
2.8. Дербес деректерді ұсыну – белгілі тұлғаға немесе белгілі адамдар тобына дербес деректерді ашуға бағытталған әрекеттер;
2.9. Дербес деректерді тарату - дербес деректерді шектеусіз адамдар тобына ашуға (дербес деректерді жіберу) немесе шектеусіз адамдар тобын дербес деректермен таныстыруға бағытталған кез келген әрекеттер, соның ішінде дербес деректерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау, ақпараттық-телекоммуникациялық желілерге орналастыру немесе қандай да бір басқа тәсілмен дербес деректерге қолжетімділік беру;
2.10. Дербес деректерді трансшекаралық жіберу – дербес деректерді шетелдік мемлекеттің аумағына, шетелдік мемлекеттің билік органына, шетелдік жеке немесе шетелдік заңды тұлғаға жіберу;
2.11. Дербес деректерді жою - нәтижесінде дербес деректер дербес деректердің ақпараттық жүйесінде дербес деректердің мазмұнын одан әрі қалпына келтіру мүмкін емес қайтарымсыз жойылатын және (немесе) олардың нәтижесінде дербес деректердің материалдық тасығыштары жойылатын кез келген әрекеттер.
3.1. Тегі, аты, әкесінің аты;
3.2. Телефон нөмірлері;
3.3. Электрондық пошта мекенжайы;
3.4. Төлем деректемелері;
3.5. Орналасқан жері туралы ақпарат;
3.6. Copix.app веб-сайты, мобильді қосымша арқылы басып шығару үшін берілетін баспа материалының атауы мен мазмұны;
3.7. Мұнымен пайдаланушы, веб-сайтта интернет-статистика сервистерінің (Яндекс Метрика және Гугл Аналитика және басқалар) көмегімен келушілер туралы иесіздендірілген деректерді (оның ішінде «cookie» файлдарын) жинау және өңдеу жүргізілетіні туралы хабардар екендігін растайды.
3.8. Саясат мәтініндегі жоғарыда аталған деректер дербес деректердің жалпы ұғымымен біріктірілген.
4.1. Пайдаланушының жеке деректерін өңдеудің мақсаты - Оператордың қызметтерін пайдалану мүмкіндігін қамтамасыз ету, тиімді қызметтер көрсету және оларды көрсету сапасын жақсарту, тегін кеңес беру үшін ақпарат жинау, Оператордың қызмет көрсету сервисін қауіпсіз пайдалану.
4.2. Оператор Пайдаланушыға жаңа өнімдер мен қызметтер, арнайы ұсыныстар мен түрлі оқиғалар туралы хабарлама (оның ішінде, мобильді қосымшадан push-хабарлама) жіберуге құқылы.
4.2.1. Пайдаланушы Операторға info@copix.app электрондық пошта мекенжайына «Жаңа өнімдер мен қызметтер, арнайы ұсыныстар туралы хабарламалардан бас тарту» белгісімен хат жібере отырып, ақпараттық хабарламаларды алудан әрқашан бас тарта алады.
4.3. Интернет-статистика сервистерінің көмегімен жиналған Пайдаланушылардың иесіздендірілген деректері Оператор көрсететін қызметтерінің, сайттың, мобильді қосымшаның сапасын жақсарту мақсатында веб-сайттағы, мобильді қосымшадағы Пайдаланушылардың іс-әрекеттері туралы ақпарат жинауға қызмет етеді.
5.1. Оператор Пайдаланушының дербес деректерін оларды толтырған және/немесе Пайдаланушы copix.app веб-сайтында, мобильді қосымшада орналасқан арнайы нысандар арқылы дербес жіберген жағдайда ғана өңдейді. Тиісті нысандарды толтыра отырып және/немесе Операторға өзінің дербес деректерін жібере отырып, Пайдаланушы осы Саясатпен өзінің келісімін білдіреді.
5.2. Оператор пайдаланушы шолғышының параметрлерінде рұқсат етілген жағдайда пайдаланушы туралы анонимді деректерді өңдейді («cookie» файлдарын сақтау және JavaScript технологиясын пайдалану қосылған).
6.1. Оператор өңдейтін дербес деректердің қауіпсіздігі дербес деректерді қорғау саласындағы қолданыстағы заңнаманың талаптарын толық көлемде орындау үшін қажетті құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шараларды іске асыру арқылы қамтамасыз етіледі.
6.2. Оператор дербес деректердің сақталуын қамтамасыз етеді және дербес деректерге заңсыз қол жеткізуге жол бермейтін барлық ықтимал шараларды қабылдайды.
6.3. Қолданыстағы заңнаманы орындаумен байланысты жағдайларды қоспағанда, Пайдаланушының дербес деректері ешқашан, ешқандай жағдайда үшінші тұлғаларға берілмейді. Ресей Федерациясы заңнамасының негізделген және қолданылатын талаптарына сәйкес ақпарат беру міндеттемелерді бұзу болып саналмайды.
6.4. Дербес деректерде дәлсіздіктер анықталған жағдайда, Пайдаланушы Оператордың info@copix.app электрондық пошта мекенжайына Операторға «Дербес деректерді өзектендіру» белгісімен хабарлама жіберу арқылы оларды өз бетінше жаңарта алады.
6.5. Дербес деректерді өңдеу мерзімі шектеусіз.
6.6. Пайдаланушы Оператордың info@copix.app электрондық мекенжайына электрондық пошта арқылы «Дербес деректерді өңдеуге келісімді қайтарып алу» белгісімен Операторға хабарламаны жіберіп, дербес деректерді өңдеуге келісімін кез келген сәтте қайтара алады.
6.7. Оператор сайттарда пайдаланушының жалпыға қолжетімді нысандағы ұсынған мәліметтері үшін жауапты болмайды.
7.1. Оператор дербес деректерді трансшекаралық жіберудің алдында аумағына дербес деректерді жіберу жүргізу болжамданатын шетелдік мемлекет дербес деректер субъектілерінің құқықтарын сенімді қорғауды қамтамасыз ететініне көз жеткізуге міндетті.
7.2. Жоғарыда көрсетілген талаптарға жауап бермейтін шет мемлекеттердің аумағында дербес деректерді трансшекаралық беру дербес деректер субъектісінің оның дербес деректерін трансшекаралық беруге жазбаша нысанда келісімі болған және/немесе дербес деректер субъектісі тарапы болып табылатын шартты орындаған жағдайда ғана жүзеге асырылуы мүмкін.
8.1.Осы Дербес деректерді өңдеу саясатына және Пайдаланушы мен Оператор арасындағы қатынастарға Ресей Федерациясының қолданыстағы заңнамасы қолданылады. Пайдаланушы мен Оператор арасындағы қатынастардан туындайтын даулар бойынша сотқа талап-арызбен жүгінгенге дейін кінәрат-талап (дауды ерікті түрде реттеу туралы жазбаша ұсыныс) беру міндетті болып табылады. Кінәрат-талапты алушы кінәрат-талапты алған күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде, өтінішкерді оны қарастыру нәтижелері туралы жазбаша хабардар етеді. Келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, дау Ресей Федерациясының қолданыстағы заңнамасына сәйкес сот органының қарауына берілетін болады.
8.2. Пайдаланушы info@copix.app электрондық поштасының көмегімен Операторға хабарласып, өзінің дербес деректерін өңдеуге қатысты қызықтыратын мәселелер бойынша кез келген түсініктемені ала алады.
8.3. Оператор өз қалауы бойынша осы дербес деректерді өңдеу саясатын кез келген уақытта және Пайдаланушының келісімінсіз жаңартуға және өзгертуге құқылы Өзгертулер мен жаңартулар осы бетте жарияланады және қажет болған жағдайда Пайдаланушы мобильді қосымшада, copix.app веб-сайтында Оператордың қызметтерін алу кезінде осы өзгерістер, жаңартулар туралы хабардар етіледі. Жаңа шарттар экранда көрсетілуі мүмкін және қызметтерді алу үшін Пайдаланушы Оператордың қызметтерін алу үшін оларды оқып, қабылдауы қажет болуы мүмкін. Саясат жаңа нұсқасына ауыстыруға дейін мерзімсіз әрекет етеді. Copix.app веб-сайтын, мобильді қосымшаны пайдалана отырып, Пайдаланушы Дербес деректерді өңдеу саясатымен және ондағы өзгерістермен мезгіл-мезгіл танысып отыруына жауапкершілікті қабылдауға келіседі.
8.4. Саясаттың өзекті нұсқасы Интернет желісінде copix.app мекенжайы бойынша, мобильді қосымшада еркін қолжетімділікте орналастырылған.